Жаңалықтар

Головкин әлем чемпиондығына неге таласпады – Абель Санчес кінәлілерді атады

Генадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес 2017 жылы орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін GGG мен Билл Джо Сондерс арасындағы айқас неге болмады деген сұраққа жауап берді, – деп жазды Sports.kz.

Ол кезде қазақстандық WBA, WBC және IBF титулдарының иегері, ал Сондерс WBO нұсқасы бойынша чемпион еді.

– Шын мәнінде Қазақстанда Сондерспен жекпе-жекке келісімшарт жасалған. Бұл елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болды. Бірақ қандай да бір себептермен ЭКСПО ұйымдастырушылары тиісті кепілдіктерді орындай алмады және айқас та болған жоқ. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз тәсілі Билли Джоның кепілдіктерін орындау еді. Бірақ олар оған бұдан бұрын айтылған сомаға кепілдік бере алмады әрі келіссөздерге қайта оралған жоқ. Өйткені бізде ондай ақша болмады, – деді Санчес Fighthub TV берген сұхбатында.

Back to top button