Бір тәулікте 31 адам коронавирустан қайтыс болды
4 қазан, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Бір тәулікте 31 адам коронавирустан қайтыс болды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасын сәйкес, 2 қазан күні еліміздің аумағында 31 адам - коронавирустан, тағы 6 адам пневмониядан көз жұмды.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді (5 науқас).
Алматы және Шымкент қалаларында - 4, Қызылорда облысында - 3, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында - 2, Жамбыл, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір адамнан көз жұмған.
Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.