Жаңалықтар

Бір тәулікте 31 адам коронавирустан қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасын сәйкес, 2 қазан күні еліміздің аумағында 31 адам – коронавирустан, тағы 6 адам пневмониядан көз жұмды.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді (5 науқас).

Алматы және Шымкент қалаларында – 4, Қызылорда облысында – 3, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында – 2, Жамбыл, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір адамнан көз жұмған.

Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

Back to top button