Допинг қолданған спортшылар енді түрмеге жабылуы мүмкін

Допинг қолданған спортшылар енді түрмеге жабылуы мүмкін

Допинг қолданған спортшылар енді түрмеге жабылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Олимпиадада допингпен ұсталған спортшылардың миллиондаған сыйақысы мен қымбат пәтерлері өздерінде қалатын болды. Себебі мемлекеттің берген сыйлығын тартып алу заңда жазылмаған екен. Бірақ үлкен даудан сабақ алған Спорт министрлігі енді рұқсат етілмеген дәріні пайдаланғандарды қылмыстық жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр.
 Мәселен, Италия мен Германияда допинг қолданған спортшылар 2-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Осындай ұсынысты Парламент қолдаса, біздің заңға түзетулер енгізіледі. Талай алтын әкелген атлеттер биыл допингпен ұсталып, масқарасы шыққан болатын. Халықаралық Олимпиада комитеті қазір, тіпті, Подобедова, Чиншанло мен Манезадан Лондонда алған алтын медальді қайтаруды талап етіп жатыр. Қан құрамынан допинг табылған ауыр атлеттер болса, Спорт министрінен араша сұраған. Ал допинг қолданды деп айыпталып, барлық жарыстан шеттетілген Илья Ильиннің Лондон мен Пекиннен алған алтынының тағдыры жақын күндері шешілмек. Ильин тыйым салынған дәрілерді пайдаланғанын жоққа шығарудан жалығар емес. Атақты спортшыны шенеуніктерде қолдап отыр.
«8 жыл өтіп кетті ғой. Оның үстіне, допинг нәтижелері Лозаннадағы лабораторияда сақталады. Халықаралық Олимпиада комитетінің талабы бойынша, ол 10 жыл сақталуы тиіс. Бірақ олар бұған бағынбай, ешқандай ескертусіз кез келген спортшының қанын тексеріп, жала жауып отыр», - дейді Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков.