Атырауда полиция көлігі өртенді (видео)

3 қазан, 2021 / Гафура Асқарқызы
ашық дереккөзі
Атырауда полиция көлігі өртенді (видео) Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан полиция көлігінің видеосы жарияланды. Кадрлар Атырауда түсірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Turkystan.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Кадрдан көліктің қала көшелерінің бірінде жанып жатқанын көруге болады. Автомобиль жанында өртсөндіргіштер тұр. Атырау полиция департаменті өкілдері оқиға 1 қазанда сағат 18.30-да Азаттық көшесінде болғанын хабарлады. "Nissan Almera автокөлігінен өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт тұйықталу салдарынан болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.