Атырауда полиция көлігі өртенді (видео)

Атырауда полиция көлігі өртенді (видео)

Атырауда полиция көлігі өртенді (видео)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан полиция көлігінің видеосы жарияланды. Кадрлар Атырауда түсірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Turkystan.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Кадрдан көліктің қала көшелерінің бірінде жанып жатқанын көруге болады. Автомобиль жанында өртсөндіргіштер тұр. Атырау полиция департаменті өкілдері оқиға 1 қазанда сағат 18.30-да Азаттық көшесінде болғанын хабарлады. "Nissan Almera автокөлігінен өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт тұйықталу салдарынан болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.