«Пандемия түк те сабақ болмапты». Маңғыстаудағы тойдың даңғазалығы көпшіліктің сынына ұшырады (видео)

ашық дереккөзі
Азамат Сарсенбаев есімді әлеуметтік желі қолданушысы Instagram-дағы парақшасында Маңғыстау облысында өтті деп, жақында болған тойдың видеосын жариялады. Арбаға жегілген жылқыны мейрамханаға кіргізіп, құлақ тұнатын қатты музыкаға қыран құстарды билетіп қойған той иелері желі қолданушыларының сынына ұшырады. Видео авторының айтуынша, қазақстандықтарға пандемия, карантиндік шектеулер түк те сабақ болмапты. «Маңғыстаулықтар карантиндік шектеулердің алынып тасталуын асыға күткен сыңайлы, мынадай даңғаза тойды өткізгеніне қарағанда. Тойханаларды жауып, жиын-тойларға шектеу қойған соң, біздің халқымыз шығыны көп думандарды өткізуден тыйылатын шығар деп ойлағаным бекер екеніне көзім жетті» деп жазды автор.