ДДСҰ ресейлік «Спутник V» вакцинасына қатысты бір шешімге келді

ДДСҰ ресейлік «Спутник V» вакцинасына қатысты бір шешімге келді

ДДСҰ ресейлік «Спутник V» вакцинасына қатысты бір шешімге келді
ашық дереккөзі
«Спутник V» вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мойындауы үшін барлық кедергілер алынды. Қазір тек кейбір әкімшілік шаралар қалды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Бұл туралы АҚШ өкілдерімен Женевада кездескен Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді. «Ресейдің «Спутник V» вакцинасын тіркеу мен одан әрі қолдану туралы ұстанымы қолдау тапты. Енді ДДСҰ алаңында вакцинаны тіркеумен айналысатын компанияның бірқатар құжаттарға қол қоюы мен қосымша қағаздар ұсынуы қалды», – деді ол. Оның сөзінше, ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус бұдан әрі жұмысқа кедергі болмайтынын айтқан. Олар 1 қазанда кездескен болатын. Сонымен қатар Мурашко АҚШ вакцинация туралы сертификатты өзара мойындауға қатысты да қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті. Қазіргі күні Ресей Федерациясында коронавирусқа қарсы бес вакцина тіркелген. Олардың алғашқысы Гамалея орталығы әзірлеген «Спутник V» вакцинасы. Ол әлемнің 70 елі тарапынан қолдау тауып, жаппай вакциналауда қолданылып келеді. Ресейліктер үшін новосібірлік «Вектор» орталығының  «ЭпиВакКорона», Ресей Федерациясы ғылымдар академиясы Чумаков орталығының «КовиВак» вакцинасы да қолжетімді. Ревакцинация үшін «Спутник Лайт» вакцинасын қолдануға кеңес берілген. Ол  «Спутник V» вакцинасының жеңілдетілген түрі. Сондай-ақ министрлік «ЭпиВакКорона-Н» вакцинасын тіркеді.