Балалардың көзі ішіндегі қатерлі ісікке енді өзіміздің мамандар ота жасайды

Балалардың көзі ішіндегі қатерлі ісікке енді өзіміздің мамандар ота жасайды

Балалардың көзі ішіндегі қатерлі ісікке енді өзіміздің мамандар ота жасайды
ашық дереккөзі

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Орталық Азияда алғаш рет ретинобластоманың көзді сақтауға мүмкіндік беретін селективті интраартериялық химиотерапияның жоғары технологиялық орган сақтау емін жүргізу басталды. Көздің қатерлі дертінде қолданатын бұл ем көзді, тіпті көздің көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. Отаның бірегейлігі осында.

Ретинобластома балалардағы көзі ішіндегі ісіктердің 90 пайызын құрайды және аса қатерлі дерттің бірі. Ретинобластома − бүкіл көз алмасын ісік тінімен толтырумен, көру жүйкесіне, көзұясына, миға қарай өсетін агрессивті ағыммен сипатталады. Ісік көру қабілетінің жоғалуы түрінде ғана қатерлі емес, сонымен қатар метастаздың және басқа мүшелердегі екінші қатерлі ісіктердің дамуына әкелуімен қауіпті. Жыл сайын әлемде ретинобластоманың 8100 жаңа жағдайының диагнозы қойылады, оның 570-810-ы жаңа туылған кезде анықталуда. Жыл сайын Қазақстан Республикасында көздің қатерлі ісігінің (ретинобластоманың) 20-25 жаңа жағдайы анықталады. 2015 жылдан бастап ретинобластомасы бар барлық науқастар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделуде. Педиатрия орталығында Қазақ көз аурулары ҒЗИ-мен бірге лазерлі транспупиллярлы термотерапия, интравитреальді химиотерапия, криодеструкция емдері енгізілген, енді орган сақтау әдістерінің бірі  -  селективті интраартериалды химиотерапия қолданылатын болады. Тәжірибеде Америка Құрама Штаттарында және Еуропада 15 жыл, Ресейде 10 жылдан бері қолданылып келе жатқан селективті интраартериалды химиотерапия емі жоғары тиімділікті көрсетті, көзді орган ретінде, тіпті көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. АҚШ-та қолдану жылдарында көз алмасын алып тастау операцияларының саны 95%-дан 8%-ға дейін қысқарды. Көздің қатерлі дертіне шалдыққан балалардың ата-аналары көздерін сақтап қалуға тырысып, бұрын шетелдік квотамен немесе өз қаражатымен  шетелге емделуге баратын. Енді біздің еліміздің пациенттерінде өз елімізде емделуге мүмкіндіктері бар. Ретинобластоманың орган сақтайтын емінің барлық түрлерін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) есебінен тегін ала алатын болады.
  «Педиатрия орталығында көздің қатерлі ісігіне ота жасау үшін барлық жағдайлар жасалған – арнайы медициналық жабдықтар, аппаратура және дайындығы бар мамандарымыз бар. Қазақстанда алғаш рет орган сақтауға мүмкіндік беретін СИАХТ операциясы басталды. Біз үшін және науқас балалардың ата-аналары үшін емнің жаңа түрінің енгізілуі бірегей, ерекше оқиға.  2016 жылдың қараша айында ретинобластома кезіндегі СИАХТ-тың жаңа технологиясын қарастыруға өтінім берілген еді. Пандемияға байланысты клиникалық хаттама 2021 жылғы 25 тамызда ғана бекітілді. Осы уақыт ішінде біз 2 мастер-класс өткізіп, 12 балаға операция жасадық» – дейді дәрігер-офтальмолог Елена Тян.