М.Әшімбаев Иран СІМ орынбасарымен кездесті

М.Әшімбаев Иран СІМ орынбасарымен кездесті

М.Әшімбаев Иран СІМ орынбасарымен кездесті
ашық дереккөзі
Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Хасан Кашкавимен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады. Тараптар екі жақтың саяси, сауда-экономикалық, инвестиция, парламентаралық және мәдени-ізгілікті байланыстары жайында және де аймақтағы және әлемдегі ахуал туралы пікір алмасты. Парламентші аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауда Иранның айрықша орын алатыны атап өтілді. Бүгінгі терроризм мен діни экстремизм және есірткі тасымалы мәселелерінің қауіп-қатері жайына да тоқталды. Екі жақ та мемлекеттердің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді ынтымақтастық байланыстар жайында ой бөлісті. Депутат пен дипломат әртүрлі деңгейдегі ресми сапарлар, түрлі іс-шараларға қатысу байланыстарды бекіте түсетініне сенімділік танытты.