Жаңалықтар

Грузияның қамауға алынған экс-президенті Михаил Саакашвили аштық жариялады

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Тбилисиде қамауға алынған соң аштық жариялады.  Бұл туралы 1 қазанда грузиялық омбудсмен Нино Ломджария хабарлады.

«Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және өзін саяси тұтқын санайтынын білдіріп аштық жариялады» дейді Нино Ломджария.

Сондай-ақ, Ломджарияның айтуынша, Михаил Саакашвили Украинаның консулымен кездесуді талап етуде.

Грузияның экс-президенті жұма күні Тбилиси қаласындағы пәтерлерінің бірінде ұсталып, қамауға алынды.

Back to top button