Грузияның қамауға алынған экс-президенті Михаил Саакашвили аштық жариялады
Грузияның қамауға алынған экс-президенті Михаил Саакашвили аштық жариялады
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Тбилисиде қамауға алынған соң аштық жариялады. Бұл туралы 1 қазанда грузиялық омбудсмен Нино Ломджария хабарлады.
«Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және өзін саяси тұтқын санайтынын білдіріп аштық жариялады» дейді Нино Ломджария.
Сондай-ақ, Ломджарияның айтуынша, Михаил Саакашвили Украинаның консулымен кездесуді талап етуде.
Грузияның экс-президенті жұма күні Тбилиси қаласындағы пәтерлерінің бірінде ұсталып, қамауға алынды.