Жаңалықтар

Павлодарлық жігіт 10 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай жүр

ашық дереккөзі

Павлодарлық жігіт 10 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Павлодар облысының тұрғыны 10 жылдан бері қайтыс болды деп есептеліп келе жатқанын айтады. Бұған 23 жастағы Аман Жансейітов астанадағы ауруханалардың біріне өкпесін түсіруге келген кезде тағы бір рет көз жеткізген. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы жазды. "Ауруханаға флюорография түсіруге келгенмін, менің мәліметтерімді базаға енгізген кезде 10 жыл бұрын қайтыс болған деп шықты", - дейді Аман. Оның сөзінше, Аман мұны естіп таңғалған. Ол 2016 жылы әскерде жүрген кезде де ол ресми түрде өлі деп саналатыны айтылған. "Ол кезде мен қарапайым банк карточкасын рәсімдей алмайтынмын. Бір жылдан кейін ол проблема мен жұмысқа орналасатын кезде алдымнан шықты. Железин ауданындағы түрлі мемлекеттік органға бардым, ХҚКО-на, АХАЖ бөлімдеріне бардым, маған мәселені шешуге уәде берген, бірақ әлі өлгендер тізіміндемін", - Аман Жансейітов.