Арзан бағаға үй алмақ болған өскемендік 9 млн теңгесінен айырылды
Арзан бағаға үй алмақ болған өскемендік 9 млн теңгесінен айырылды
Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтың арбауына ілігіп, 9 жарым млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 47 жастағы қала тұрғыны тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
Оның айтуынша, өзін әңгімеге тартқан танысы пәтер мен көлікті төмен бағамен сатып алуға көмектесетіндігіне сендірді. Бұған алданған азамат 9 500 000 теңгесін бере салған. Алайда ақша қолына тиген соң алаяқ мүлде хабар-ошарсыз кетті. «Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.