Жаңалықтар

“Абайдың өлеңі де, өзі де менен алда”: Балтабек Нұрғалиев қателігі үшін халықтан кешірім сұрады

Бұдан бұрын “Абайдан да көп оқылатын ақынмын” деп мәлімдеген ақын Балтабек Нұрғалиев қателескенін айтып, халықтан кешірім сұрады.

Оның айтуынша, Абай қашан да алда. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мен бүгін Абайдың менен де көп оқылатын ақын екеніне көзім жетті. Мойындадым. Жалғыз Абай ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіндегі барлық ақындар менен көп оқылады. Мен әлемдегі ең соңғы ақынмын. Қазақстандық поэзиядағы, орыс тілді болсын, қазақ тілді болсын, жалпы басқа тілдердегі ақындардың ішіндегі ең аз оқылатын ақын, ол – менмін. Қазақ поэзиясында аз оқылу жағынан нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін. Абайдың өлеңі де, де өзі де менен алда. Мен оқылым жағынан да, басқа ұлылық жағынан да, жаңашылдық жағынан да Абайдың алдына шығып кеткен жоқпын.

Қателігім үшін қоғамнан кешірім сұраймын, – деп жазды ол.

Back to top button