ҚР World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үздік үштікке кірді

ҚР World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үздік үштікке кірді

ҚР World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үздік үштікке кірді
ашық дереккөзі
Түркияның Анталья қаласында аяқталған «Анталья ЭКСПО — 2016» халықаралық ботаникалық көрмесінде қазақстандық павильон қатысушы 54 мемлекеттің ішінен үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. Түркияда алты ай бойы өткен World Botanic EXPO-2016 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қазақстандық павильон бақша экстерьері мен интерьерін жасау номинациясында үшінші орын алды. Қазақстандық павильонды көрме барысында 75 елдің өкілі тамашалаған. Қазақстандық павильонның экспонаттарын ҚР БҒМ Ғылым комитеті жанындағы Ботаника және фитоинтродукция институты әзірлеп, көпшілікке ұсынған. Павильон қонақтары палеоботаникалық үлгілер жиынтықтары түрінде жасалған Қазақстанның флорасының тарихымен танысып, «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сегіз ағаш тұқымдас өсімдік түрін көре алды. Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген «Анталья ЭКСПО-2016» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Түркияның азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрі Фарук Челиктің айтуынша, 191 күннің ішінде көрмеге 4,5 миллионнан аса жергілікті және шетелдік қонақ келген. Кейбір күндері көрме қонақтарының саны 70 мыңнан асқан. «Анталья ЭКСПО-2016» халықаралық ботаникалық көрмесі өз жұмысын 22 сәуірде бастаған болатын. Көрме философиясы — «Болашақ ұрпақтың жасыл әлемі», басты тақырыбы — «Гүлдер мен балалар». Көрме аумағы 120 гектарды құрады, онда 54 мемлекеттің павильоны жұмыс істеді.