Жаңалықтар

Елімізде жаңа қала салынады

Елімізде тағы бір жаңа қала салынады.

G4 City деп аталатын Мегаполис Алматы-Қапшағай тас жолының бойында орналаспақ. Алматы облысындағы жаңа ультразаманауи қаланы дамытуға Сингапур көмектеспек.

Қала төрт ауданнан тұрады: Gate District – бизнес және қаржы орталығы, Golden District – білім беру және медициналық хаб, Green District – туризм және ойын-сауық, Growing District – өнеркәсіптік және логистикалық хаб.

siti

Премьер-Министр Асқар Маминнің ресми ақпарат ресурсының мәліметі бойынша, G4 City арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие болады. Мұнда халықаралық әуежай салу және Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр.

 

Back to top button