Сыбайлас жемқорлық: Екібастұзда әкімнің орынбасары мен оның қарамағындағы екі қызметкер ұсталды

Сыбайлас жемқорлық: Екібастұзда әкімнің орынбасары мен оның қарамағындағы екі қызметкер ұсталды

Сыбайлас жемқорлық: Екібастұзда әкімнің орынбасары мен оның қарамағындағы екі қызметкер ұсталды
ашық дереккөзі

Екібастұз әкімдігінің үш қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады, ақпаратты Екібастұз әкімдігінде растады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары және осы бөлімнің статисін ұстады, – деп нақтылады қала әкімшілігі. Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлағандай, ведомство Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
– Олар мемлекеттік сатып алу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлады ведомство.
Департамент тергеу жалғасып жатқанын және басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.