Жаңалықтар

Арон Атабек бостандыққа шығады

ашық дереккөзі

Арон Атабек бостандыққа шығады

Диссидент, ақын Арон Атабек бостандыққа шығады, деп хабарлайды azattyq.org. 1 қазанда Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің жазасын денсаулығына байланысты жеңілдету жөнінде түрме әкімшілігінің өтінішін қарап орындаған. Сот ақпаратына қарағанда, дәрігерлер Арон Атабектің емі жоқ дертке (омыртқааралық дискінің зақымдалуы) шалдыққанын анықтаған. "Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар", - деп жазылған сот хабарламасында. Бұған дейін оның денсаулығына алаңдаған азаматтық қоғам өкілдері президентке хат жазып, босатуды сұраған.