Димаш Азияның ең сымбатты жігіті атанды

Димаш Азияның ең сымбатты жігіті атанды

Димаш Азияның ең сымбатты жігіті атанды
ашық дереккөзі

Димаш Құдайберген King Choice онлайн дауыс беру рейтингісінде бірінші орынға ие болып, Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды.

9,3 миллион дауыс жинаған қазақстандық Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды, деп жазады King Choice сайты. Бұған дейін Jas Otan жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын бастаған болатын. Дауыс бері 30 қыркүйекте аяқталды. Екінші орында оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin). Ол 8 миллионнан астам дауыс жинады. Үшінші орында Чха Ын У (Cha Eunwoo) — оңтүстіккореялық әнші, актер және модель. Оған 1,9 миллион дауыс берген.