Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ақтөбелік көлік ұтып алды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ақтөбелік көлік ұтып алды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ақтөбелік көлік ұтып алды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде «Екпе ал да, автомобиль ұтып ал» акциясы аяқталып, екінші көліктің иесі анықталды. Демеушілердің қолдауымен екі жеңіл көлік, велосипед, робот шаңсорғыш, смарт сағат, ұялы телефон ұтысқа тігілді. «Ақпан айында вакциналау жұмысы басталып, адамдардың бір бөлігі оның маңызын түсінді. Бірден иммундау шарасына қатысып, белсенділік танытты. Ал жазға таман адам саны азая бастады. Біз белсенділікті арттыру мақсатында ұтыс өткіздік. Алғашқы көлікті 1-тамызда табыстасақ, екіншісі де иесін тапты. Сонымен бірге ұялы телефон, велосипед, шаңсорғыш, смарт сағат бар. Қазір де вакцинация жұмысы жалғасып жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. Айта кетейік, өңірде 522 мың адам вакцинациялауға жатады. Оның 64% иммундау шарасына қатысты. «Ойыл ауданы, Саралжың ауылында туып-өстім. Қазір Ақтөбе қаласында тұрамын. Екі қызым бар. Ата-анаммен бірге тұрамыз. Вакцинаны 20-тамыз күні №7 қалалық емханада салдырдым. Өзім жеке шаруашылықта жұмыс істеймін. Денсаулығыма алаңдап, вакцина салдырдым. Еш кері әсерін сезбедім. Ал ұтысқа келер болсақ, ұмытып кеттім. Жұмыста отырған кезде келіншегім жүгіріп келіп, «машина ұттық» деп айтты. Аяқ-қолым дірілдеп кетті. Тамақ та батпай қалды. Сенбедім. Өмірімде мұндай ұтыс болмады», - деді ұтыс иесі Ернұр Ізғалиев.