Заңсыз марал атқан: СҚО-да екі қорықшы ұсталды

Заңсыз марал атқан: СҚО-да екі қорықшы ұсталды

Заңсыз марал атқан: СҚО-да екі қорықшы ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында қорық аумағында заңсыз аң аулағандар ұсталды, олардың екеуі де қорықшы болып шықты. СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Есіл ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге рейд барысында «Красный бор» КММ аумағындағы орманда тіркемесі бар «Нива» көлігін байқаған. Рульде 69 жастағы жергілікті тұрғын, қасында Тайынша ауданының 24 жастағы тұрғыны болған. Тексеру кезінде полицейлер тіркемеден ет салынған полиэтилен пакеттерді тапты. «Заңсыз аңшылыққа қатысы бар екі күдікті анықталды: «Нива» жолаушысы мен Тайынша ауданының 32 жастағы тағы бір тұрғыны болған, ол оқиға орнынан ертерек кетіп қалған. Тайыншалық екі күдікті де қорықшы болып жұмыс істейді. Олар маралды атқан және бөлшектеген орынды көрсетті, аң аулауға рұқсат құжаттары болмаған. Бұдан кейін олар Есіл ауданының тұрғынынан етті алып кетуді өтінген», - дейді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков. Аталған факті «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мүшеленген ет алынып, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ күдіктілердің біріне тиесілі калибрі 5,56 мм «Вепрь» карабині, аңшылық жабдықтар алынды. Күдіктінің екеуі де қамауға алынды.