Шымкентте 189 сынып карантинге жіберілген – әкімдік

Шымкентте 189 сынып карантинге жіберілген – әкімдік

Шымкентте 189 сынып карантинге жіберілген – әкімдік
ашық дереккөзі
  Оқу жылы басталғаннан бері Шымкент қаласында 487 бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 146-сы жазғы демалыс кезінде сырқаттанып бастаса, 341-оффлайн сабақ кезінде ауру жұқтырған. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан: «2021-2022 оқу жылының басынан бастап 29 қыркүйекке дейін оқушылар арасында КВИ-дің 487 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 146 оқушы жазғы демалыс күндері ауырған, сондықтан мектепке бармады. Ал сырқаттанудың 341 жағдайы оффлайн форматта оқитын оқушыларда тіркелді. Оқу жылының басынан бастап 100 мектепте 291 сыныпта карантин белгіленді. Бүгінгі таңда қаланың 84 мектебінде 189 сыныпта карантин белгіленген», - деді.