Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу аяқталды
ашық дереккөзі

Алматыда Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Күдікті 32 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Aibat ақпараттық қызметі.

Іс бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты Қадыржан Ғалымжанұлы процеске қатысты жаңа деректерді бөлісті.
"2021 жылғы 20 тамызда Алматы қаласының арнайы прокуратурасы процеске қатысушылардың барлығын тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы хабардар етті. Қазір барлық тараптар іс материалдарымен танысады. Іс сотқа қазан айында, ең кемі 2022 жылдың қаңтарына дейін түседі. Соттың бірінші инстанциясы үкім шығарады деп ойлаймын", - деді адвокат.
Ол күдіктіге "зорлау" және "басқа қылмысты жасыру үшін кісі өлтіру" баптары бойынша айып тағылғанын айтты. Қадыржан Ғалымжанұлы сот жабық форматта өтуі әбден мүмкін екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 19 жастағы Аяжан Еділованың денесі 22 наурызда табылған, бірнеше күн бұрын қыздың жоғалғаны белгілі болды.