1 қазан: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1 қазан: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1 қазан: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1718 жылы 1 қазанда Семей қаласының іргетасы қаланды. Шекара және әскери-тірек базасы ретінде салынған Семей бекінісі дами келе Ресей, Орта Азия және Батыс Қытай арасындағы маңызды сауда пунктіне айналды. Семей қаласының негізі қаланғаннан бастап мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұқарлықтар, қоқандтықтар, ташкенттіктер келетін. 1854 жылғы 1 қазанда Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Семей штаттан сырт қаладан бірден облыстық қалаға айналды. 1863 жылы қалада екі оқу орны, соның ішінде бір уездік училище және оның жанында қыздар мектебі, 2 шіркеу-приходтық училище, 14 казак және 9 жекеменшік татар мектебі болды. XIX ғ. аяғында XX ғ. басында ер балалар мен қыздардың классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Мұғалімдер семинариясында әлемдік мәдениеттің болашақ алыптары Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев білім алды. Ұлы орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевский бес жылдан астам уақыт (1854-1859 жылдары) Семей қаласында тұрып, осында өзінің «Өлі үйден хаттар», «Ағайдың түсі», «Степанчиково селосы және оның мекендеушілері» атты өшпес туындыларын жазды. Осында Ф.Достоевский П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Шоқан Уәлиханов, Г. Потаниндермен кездесіп, сұхбаттасқан. Қазақтың ұлы ақын-ағартушысы Абай есімі де Семей қаласымен тығыз байланысты. 1791 жылы Зыряновск ауылының негізі қаланды. 1937 жылы ауыл кентке ауыстырылды, 1941 жылы кент аудандық маңызы бар қалаға айналды, 1952 жылы облысқа қарайтын қалалар санатына енді. 2019 жылдан бастап бұл қала Алтай деп аталды. 1921 жылы Орынбор қаласынан алғаш рет қазақ радиосы хабар таратқан. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды. Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді. Қазір құрамына 4 бірдей (Qazaq radiosy, Shalqar, Astana, Classic) радионы біріктірген QAZAQ RADIOLARY серіктестігі бүкіл қазақ даласына ақпарат таратады. 1932 жылы Орал қаласында қазіргі М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті педагогикалық институт ретінде құрылды. Ол республиканың екінші педагогикалық ЖОО-сы аталды. Институтқа КСРО-ның ағарту ісі жөніндегі ұлттық комиссары М.Н.Покровскийдің есімі берілген, ал 1937 жылдан бастап ЖОО-ға А.С.Пушкин есімімен аталды. 1996 жылдың мамыр айында Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті болып өзгертілді. 2000 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрылған, ал 2003 жылы оған Махамбет Өтемісұлының есімі берілді. 1945 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен Самарқан елді мекені Қарағанды қаласы аймағынан шығарылып, атауы Теміртау қаласы болып өзгерді. Бастапқыда жиырма мың тұрғыны, бір ауруханасы, екі мектебі және жиырма мың шаршы метр тұрғын үйі болды. Сол жылдардан бастап қаладағы өнеркәсіптің дамуы қарқындап, одақтас республикалардың барлығынан адамдар келе бастады. 1950 жылдары тұрғындар саны екі есе өсті. Бүгінгі таңда Теміртау - индустриялық Қарағанды қаласының сыңары, Қазақстан қара металлургиясының орталығы. 1998 жылы Астанада алғаш рет жас таланттардың «Шабыт» республикалық фестивалі өтті. 2011 жылы қазақстандық делегация Брюссельдегі Халықаралық студенттік спорт федерациясының штаб-пәтерінде 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізуге өтінім кітабын ұсынды. 2013 жылы Астанада өткен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша халықаралық конференция мен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қорытындылары бойынша 8 мемлекет - Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Моңғолия, Грузия, Германия және Черногория «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық туралы Хартияға қол қойды. 2015 жылы MEGA Park СОСО алдында орналасқан Алматыдағы Жұлдыздар аллеясында Александр Винокуровтың жұлдызы «жанды». Жұлдызды танымал мүсінші Нұркен Дәукенов жасаған. Ол Илья Ильинның жұлдызынан 1 метр қашықтықта орналасқан. 2016 жылы Клагенфурт қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды, оның қызметі Каринтия федералды жеріне таралады. 2019 жылы Asiamoney беделді жаһандық басылымының нұсқасы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) орталық және Шығыс Еуропа, орталық және Батыс Азия өңіріндегі «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі жыл жобасы (прогресс) номинациясында үздік деп танылды. Салтанатты рәсім Сингапурда өтті, оған бүкіл Азия бойынша 70-тен астам корпорациялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты. Asiamoney – Euromoney тобының құрамына кіретін мамандандырылған іскерлік басылым-Азияның қаржы институттары арасында дәстүрлі түрде конкурс өткізеді. Іскерлік басылым тағайындаған сыйлық осы өңірдегі ең құрметті наградалардың бірі. 2020 жылы Кентауда жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-роботы іске қосылды. Роботтың басты міндеті – трансформаторларды дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу. Бір дәнекерлеуші маманнның 8 сағатта атқаратын жұмысын робот 20 минут ішінде орындап шығады.