Жаңалықтар

Алматы әуежайында тексеріс күшейтіледі

1 қазаннан бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтіледі. Яғни, әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылады. Жолаушылардың енді рейске ертерек келгені жөн.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша 1 қазаннан бастап, жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуге байланысты Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілуде. Кіре берісте терминалға қосымша тексеру желісі қойылады», – делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға рейстеріне кешігіп қалмас үшін әуежайға ертерек келу ұсынылды.

Back to top button