Жолаушылар автобусы трактормен соқтығысып, 21 адам зардап шекті (видео)

Жолаушылар автобусы трактормен соқтығысып, 21 адам зардап шекті (видео)

Жолаушылар автобусы трактормен соқтығысып, 21 адам зардап шекті (видео)
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы Саран қаласының маңында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Қарағанды-Шахан бағытындағы қалааралық автобус трактормен соқтығысып, жолдан шығып кетті, - деп жазды ҚазАқпарат. Жол апаты 29 қыркүйек сағат 19:30 шамасында болды. №127 маршруттық автобус Саран маңындағы тасжолда трактормен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді. Аталмыш дерек полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша алғашқы тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді. «Барлығы 21 адам зардап шекті. Оның бесеуі Мақажанов клиникасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр. Қалғаны амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады ведомствода.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)