Ақмолада жоғалған 12 жасар бала әкесінің көлігінің жүксалғышынан табылды

Ақмолада жоғалған 12 жасар бала әкесінің көлігінің жүксалғышынан табылды

Ақмолада жоғалған 12 жасар бала әкесінің көлігінің жүксалғышынан табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында жоғалған бала әкесінің көлігінің жүксалғышынан табылды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, 30 қыркүйек күні Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2009 жылы туған ұлын іздеуге көмек сұраған. Ер адамның сөзінше, 29 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында, кешкі астан кейін ұлы үйден шығып кеткен. Алдымен жоғалған баланы туыстары өздері іздеген, кейін одан нәтиже полициядан көмек сұраған. «Баланы іздеуге жедел-тергеу тобы, ювеналды полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Олар бірінші кезекте жоғалған баланың үйі орналасқан аумақты іздеп шықты. Нәтижесіне бала әкесінің көлігінің жүксалғышында ұйықтап жатқан жерінен табылды», - деді ведомстводан. Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер анықталмады, бала ата-анасымен қауышты.