King Choice рейтингі: Димаш Азиядағы ең тартымды жігіт бола ала ма?

King Choice рейтингі: Димаш Азиядағы ең тартымды жігіт бола ала ма?

King Choice рейтингі: Димаш Азиядағы ең тартымды жігіт бола ала ма?
ашық дереккөзі
Бүгін King Choice рейтингінде дауыс беру аяқталуда. Онда Димаш Құдайберген 9,2 млн.дауыспен көш бастап, Азиядағы ең тартымды жігіт атына үміткер болып отыр. 19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде #JasOtanQoldaidy акциясын бастап, қазақстандық әншіге дауыс беруге шақырды. Ол кезде әнші 1 973 428 дауыспен оңтүстік кореялық BTS тобының солисті Ким Сокджиннен кейін тұрса, бүгінгі таңда Димаш бірінші орында тұр. «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев бейнеүндеу жазып, қазақстандықтарды осы байқауда Димашты қолдауға шақырды: «Достар, қол жеткізген нәтижеде тоқтап қалмай, қазақстандық өнерпазды әрі қарай қолдауға шақырамын. Димашты өз дауысыңызбен қолдаңыз. Димаштың жетістігі, Қазақстанның жетістігі», - деді ол.