Жаңалықтар

Қазақ-қытай шекарасындағы көлік өтетін бекеттер уақытша жабылады

Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пунктерін уақытша жабады. Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімет таратты.

Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пунктілері 2021 жылғы 1-3 қазан аралығында жабық болады. Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады.

Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

 

Back to top button