ЕҰУ-да "Қазақ радиосы" студиясы ашылды
ЕҰУ-да "Қазақ радиосы" студиясы ашылды
Биыл қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына 100 жыл. Айтулы мерейтойға орай бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ радиосы» студиясының ашылу салтанаты болды. Сонымен қатар Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған «Ғасыр жасаған Қазақ радиосы: бүгіні, болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, «Қазақстан» ТРК АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректор, Ерлан Сыдықов, радиотанушы-ғалым Намазалы Омашев, ақын Жүрсін Ерман, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор Қайрат Сақ және де радио саласында еңбегі сіңген барлық тұлғалар сөз сөйледі.
Аманжан Серіков, Сауық Жақанова, Күләш Молдахметова, Қымбат Досжан, Мұхамедәлі Болатұлы секілді дикторлардың қазылығынан ақтық финалға үш адам өткенімен Серік Әбіл есімді дара дауыс иесі үздік деп танылды.
Жалпы байқауға Қазақстанды айтпағанда Моңғолия мен Қытайдағы қандастарымыздан 150 ден астам өтініш түскен.