Nur Otan

Жол картасының орындалуы сапалы болуы қажет – Болат Садықов

«Nur Otan» Алматы қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі өңірлік Кеңестің төрағасы Болат Садықов партия әзірлеген Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жасалған Жол картасының орындалуы сапалы болуы қажет екенін айтты.

Күн тәртібінің бірінші және екінші сұрақтары бойынша Жол Картасының 111-тармағы қаладағы медициналық ұйымдардың жабдықтандырылуы деңгейінің өсуі және Жол картасынының 112-тармағы медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева баяндама жасады.

Өз кезегінде С. Сұлтанғазиева медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту үшін жергілікті бюджет қаражатынан 43,1 млрд. теңге бөлінгенін, оның ішінде ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) 285, жоғары ағынды оттегі терапиясы аппараты High Flow 250, оттегі концентраторлары 1050, рентген аппараты 47, УЗИ аппаратынан 52 және 135 жедел жәрдем көлігі алынғанын айтты. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен 562,1 млн.теңге сомасына 94 медициналық жабдықтар алынғанын айтты. Кеңес мүшелері Мәлімдемеге басқа бағыттағы жабдықтарға да үлкен мән беруді ұсынды.

Өз кезегінде, қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты 5069 маман оқу курстарынан өткен. Оның ішінде шетелде біліктілікті арттырудан 13 маман: «BLS,ACLS,PALS, PHTLS тренерлер курсы», (Израиль 12 адам), «Отоларингологиядағы МРТ диагностикасы» – (Израиль1 адам) отандық мамандардың қатысуымен 40-тан астам семинар-тренингтер өткізілгенін айтты.

Ал Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ринат Бекбергенов өзінің баяндамасында Алматы қаласының жастары арасында салауатты өмір салты қағидаттарын нығайту жөнінде 7 тармақ бойынша жұмыс жасалып жатқанын хабарлады.

Олар: Жастарды бұқаралық спорт түрлерімен қамтуды қамтамасыз ету, дене шынықтыру сауықтыру кешендерін салу, жастардың туризмге қызығушылығын арттыру, наркологиялық есепте тұрған 15-29 жас аралығындағы жастардың санын азайту, 18-29 жас аралығындағы жастардың арасындағы ВИЧ/СПИД ауруы таралуын азайту, 14-29 жас аралығындағы қыз балалардың арасында абортты азайту, 15-29 жас аралығындағы жастардың арасында суйцидті азайту.

Іс-шара барысында барлық сұрақтар қызу талқыға алынып жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар берілді.

 

Back to top button