Спорт

Ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен кейінгі тексеріс: Сергей Седов қызметінен шеттетілді.

ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Тергеу барысында Комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады, – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Back to top button