"Қарасаз көшелері" атты деректі фильм жарыққа шықты

"Қарасаз көшелері" атты деректі фильм жарыққа шықты

"Қарасаз көшелері" атты деректі фильм жарыққа шықты
ашық дереккөзі

"Қоңыр" тобының продюсері, "Ән мен әнші" жобасының авторы Сержан Молдасанұлы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнайы түсірген "Қарасаз көшелері" атты киносы жарыққа шықты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан фейсбук парақшасына жазды.

Сержан бауырдың Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнайы түсірген "Қарасаз көшелері" атты киносын көріп отырып қатты толқыдым…
Халқының жүрегінен орын алған ақиық ақынның жұлдызы басқа емес, осынау жұмыр жердің төсінде ҚАЗАҚ аспанында жарқырағанына тәубе дедік!
Өлең түгіл өзіңді ұмыттыратын осы бір алмағайып шақта көзін тырнап ашып көшке ілескен жас ұрпаққа Мұқағали жұлдызы жол сілтейтініне қапысыз сенесің! Бұл - Еркебұлан Дайыров пен Олжас Сыдықбектің экрандағы шынайы да жып-жылы бейнелері - киелі Аспантаулар өңірінде туып өскен әр перзенттің жиынтық образы. Бәріміздің басымыздан кешкен кеп. Таулы өлкеде Мақатаев жырымен ауызданбаған жан кемде кем. Ал, Қарасаз - қара өлеңнің қызыл қырманы! Жылдың төрт мезгілінде, шіліңгір шілдеде де, қақаған қаңтарда да таудың баурайында өлеңнің дауылы бір тыншыған емес. Жігіттерге қолдау көрсеткен ардақты бауырымыз, кәсіпкер Тоқтар Мұқамедиге Алла разы болсын! Бұл кинолентаны әрбір шаңырақтағы қажетін гаджеттен тауып жүрген балалар көрсе екен... Өйткені, МҰҚАҒАЛИ - ИДЕОЛОГИЯ!