Актриса Әсел Садуақасова елден кететінін айтты

Актриса Әсел Садуақасова елден кететінін айтты

Актриса Әсел Садуақасова елден кететінін айтты
ашық дереккөзі

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова шетелге қоныс аударатынын айтты. Бұл туралы HitTV арнасы хабарлады.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, актриса оқырмандарына өзінің маңызды шешім қабылдағанын және жуық арада Қазақстаннан кететінін айтқан. Алайда нақты қай мемлекетте тұруға бел буғанын айтқан жоқ. Актрисаның айтуынша, қазір ол өзіне көңіл бөліп, өмірлік құндылықтарын қайта қараған. Оның басты себебі - денсаулығының нашарлауы.
"Менің бұлай өзгеруіме не себеп? Күнде маған оқырмандардан осындай сұрақтар келеді. Неліктен ерте тұрамын? Психологияны неге зерттей бастадым? Қазіргі күйіме қалай келдім? Алдымен бұған дейін не болғанын, мені өзгеріске не итермелегенін айта кетейін. Мен, шынымды айтсам, тыным таппай еңбек еттім. Кинотуындыларға түсіп, өз тыңдармандарыма ән айтудан жалықпайтынмын. Бірақ күн өткен сайын жағдайым нашарлап кеткенін сездім. Ұйқым бұзыла бастады. Тіпті мүлдем ұйықтамайтын болдым. Етеккірім де бұзылды. Нәтижесінде, күйзелістен 12 келі салмақ қостым. Ештеңеге зауқым соққан жоқ. Әдемі киім кию, өзіме қарау мүлдем көмектескен жоқ. Тіпті айнаға қарағым келмейтін еді", - дейді актриса.

А.Шахмардан