ЖаңалықтарӘлеуметҚоғам

«Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының жеңімпаздары қоныс тойын тойлады

«Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының жеңімпаздары Asar Ume қоғамдық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев және жазушы-мотиватор Торғын Әбдіқайымова Алматыдағы Gulder тұрғын үй кешеніндегі Smart Remont арқылы жөнделген пәтерлерін алды.


BI Group инновациялық құрылыс холдингінің елімізде «Қазақстанның құрметті азаматы» атты ауқымды қайырымдылық жобасын жүргізгенін естеріңізге сала кетейік, оның мақсаты қоғамның құрметті азаматтарын, батырларын анықтау және оларға жаңа үйдегі екі бөлмелі пәтерлерді сыйға тарту болып табылады. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен холдингтің 25 жылдығына орай NUR.KZ сайтының ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылды. Көпшіліктің SMS-пен дауыс беруі арқылы «Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының екі қатысушысы анықталды, ең көп дауыс жинаған – Асхат Нұрмашев пен Торғын Әбдіқайымова.

Асхат Нұрмашев қайырымдылықпен айналысады, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді. Оның жобасының арқасында 85-тен астам отбасы мен 530-дай бала өз үйлеріне қол жеткізді.
Торғын Әбдіқайымоваға «бұлшықет дистрофиясы» диагнозы қойылған, бұл қимыл-қозғалыстың тежелуіне әкеледі. «Кеш қалма!», «Араша» кітаптарының авторы, инклюзивті радиода авторлық бағдарламасын өзі жүргізеді, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетеді.
– Жақсылық жаса және оның әрқашан қайтымы болады» деген сөз бар, бірақ мен ештеңе күтпей-ақ жақсылық жасау керек дегенге сенемін. Байқаудың ұйымдастырушыларына және қолдап дауыс бергендердің барлығына ризамын. Жүргізілген жұмыстар үшін BI Group тобына үлкен алғыс айтамын. Олар жөндеуге өте жауапкершілікпен қараған, соңын нәтижесінде пәтер ойымдағыдан да керемет болып шықты», – деді Асхат Нұрмашев.
«Егер де маған ескі пәтер немесе жөндеусіз пәтер берсе де, мен бақытты болар едім, бірақ бүгін BI Group өзінің сыйлығына қандай ұқыптылық танытқанын көрдім. Асүй толықтай жиһаздалған, тек көшіп келу ғана қалды.
Back to top button