Жаңалықтар

Елбасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті

ашық дереккөзі

Елбасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті

Елбасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Милли Мәжіліс төрағасының сапары Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы парламентаралық қарым-қатынастың дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. – Түркістанда Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының оныншы мерейтойлық отырысы аяқталды. Жиынның табысты өткеніне сенімдімін. Түркістан қаласына 2018 жылы облыс орталығы мәртебесі берілді. Содан бергі уақытта қала құрылысында қандай жетістікке жеткенімізді өзіңіз де көрген боларсыз. Биыл қалада Түркі кеңесінің отырысын өткізу жоспарланған еді, бірақ пандемияға байланысты жиын онлайн өтті, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Елбасы ұзақ жылдар бойы екіжақты қатынас орнату мен оны тереңдету жолында қызмет еткеніне тоқталды.