Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өтті
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық орталықтың қорында сақталған ғылыми-мәдени мұраларды кеңінен насихаттау мақсатында қоғам қайраткерлері, бас редакторлар және елімізге белгілі БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Президенті баспасөзі қызметінің сарапшысы Ербол Алшынбай, белгілі тележурналист Зейін Әліпбек, «Тарих порталы» сайтының бас редакторы Алтынбек Құмырзақ, «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Гүлзина Бектас және Ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысып, өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Сонымен қатар, ҚР Президенті баспасөзі қызметінің сарапшысы, ақын Ербол Алшынбай өз кезегінде ұлттық орталықтың жұмысына зор қызығушылық танытып, өзінің шағатай жазуынан (көне түркі тілінен) аударған қазақ сұлтаны Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты еңбегін Ұлттық орталық қорына сыйлады.
Сондай-ақ, белгілі тележурналист Зейін Әліпбек ұлттық орталықтағы құнды мұраларды БАҚ беттерінде жан-жақты насихаттауға мұрындық болатынын айтса, «Тарих порталы» сайтының бас редакторы Алтынбек Құмырзақ Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен екі жақты келісім-шарт жасау негізінде «Тарих порталы» сайтында арнайы айдар ашып тарихи мұраларды ақпараттық қолдауға атсалысатынын жеткізді.