Алматыда такси жүргізушісі зейнеткерге 1,5 миллион теңге мен алтын бұйымдарын қайтарып берген

Алматыда такси жүргізушісі зейнеткерге 1,5 миллион теңге мен алтын бұйымдарын қайтарып берген

Алматыда такси жүргізушісі зейнеткерге 1,5 миллион теңге мен алтын бұйымдарын қайтарып берген
ашық дереккөзі

Алматы тұрғыны Бекарыс Әлімнұр зейнеткерге таксиде ұмыт қалдырған 1,5 миллион теңге мен алтын бұйымдарды қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 қыркүйекте Бекарыс Әлімнұр екі қарияны үйіне апарады. Кейінірек жас жігіт жолаушылардың қомақты қаражат пен құнды әшекейлері бар чемодан қалдырып кеткенін байқаған.
"Онда 1,5 миллион теңге және алтын бұйымдар болды. 11 күн бойы иесін іздедім. Мекен-жайы көрсетілген еді, бүкіл көршілерінен сұрадым. Сөйтіп тауып, бүгін таңертең қайтардым. Менің ойымша, әр қарапайым адам осылай жасаса, біздің еліміздің болашағы жарқын болады. Ата-анам маған ақшаны қайтару керек деді. Кейбір достар мен таныстар жұмсауға болатынын айтты. Бірақ бұл дұрыс болмайды деп шештім", - деді 23 жастағы жас жігіт.
Ал зейнеткер болса ақшаны табудан үмітін үзген.
"Әженің өзі ол жерде қанша ақша болғанын білмейді, шамасы, олар емделуге жинаған. Қуаныштан әже мені қатты құшақтады. Тіпті біраз жылады. Әже ақша ұсынды, бірақ мен бас тарттым, ештеңе алмадым. 10 рет мені шайға шақырды", - деп бөлісті ол.
Әлеуметтік желіге тараған видеоны жігіттің әпкесі түсірген, жігіт бұл туралы ешкім білмегенін қалайтынын айтты.
"Мен білмедім, туыстарымыздың тобына видеоны жіберіпті, содан кейін тарап кетті", - дейді жігіт.