Басқа өңірде ем алатын елордалықтардың жолақысы өтеледі

Басқа өңірде ем алатын елордалықтардың жолақысы өтеледі

Басқа өңірде ем алатын елордалықтардың жолақысы өтеледі
ашық дереккөзі

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі аясында еліміздің басқа өңіріне барып ем алатын елорда тұрғындарының жолақысына жеңілдік жасалады және толықтай өтеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін аясында жоғары технологиясы медициналық қызметке мұқтаж жандарға тегін және жеңілдікпен жол ақысын өтеу қарастырылған. Яғни елорда тұрғыны басқа қалаға барып ем алса, оның жолақысына жеңілдік жасалады немесе бюджет есебінен толық өтеледі. Басқа өңірге барып емделу көбінесе Алматы қаласына қатысты болып отыр. Сол сияқты жолақыны өтеу пациентпен қатар оны емдеуге алып барған жақын адамы үшін де қарастырылған», - деді Тимур Мұратов қалалық мәслихат отырысында.
Басқарма басшысының айтуынша, емделушінің жолақы жеңілдігі автокөлік немесе пойыз үшін қарастырылған.
«Мысалы, елордадан Алматыға дейін орташа есеппен пойыз билетінің құны 9030 теңгені құрайды. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында пациенттердің жолақысын өтеуге 2 млн теңге бөлінді», - дейді ол.