Жаңалықтар

Юнус Эмре жырларының түрікше-қазақша жинағы таныстырылды

ашық дереккөзі

Юнус Эмре жырларының түрікше-қазақша жинағы таныстырылды

28 қыркүйекте Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллинның қатысуымен Халықаралық Түркі академиясы Юнус Эмре жырларының түрікше-қазақша жинағын таныстырды.

Алқалы жиынға екі спикермен бірге, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркия Республикасының  Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи, Қазақстан Республикасының  Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстан мен Түркия парламент депуттары, сондай-ақ, бауырлас елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанаты жиынды Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізді.