Ақмола облысында есірткі заттарын жасырмақ болған мектеп оқушысы ұсталды

Ақмола облысында есірткі заттарын жасырмақ болған мектеп оқушысы ұсталды

Ақмола облысында есірткі заттарын жасырмақ болған мектеп оқушысы ұсталды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында есірткі заттарын жасырмақ болған мектеп оқушысы ұсталды. Жасөспірім қыздан 230 таблетка тәркіленді. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, облыс аумағында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел өкілдер мектеп оқушысын есірткі заттарын жасырып жатқан жерінен ұстады. Анықталғандай жасөспірім жасырмақ болған зат апиын қатарындағы препараттарға жататын күшті анальгетик болып табылатын дәрілік препараттың 23 пластинасы болып шықты. «Тәркіленген дәріхана препараты жасөспірімдер мен жастар арасында танымал, өйткені, ол адамның бойындағы қуатын арттырып, көңіл-күйін жақсартады. Жастар оны үнемі қолданған кезде оған тәуелділік артады, ал инъекциялық есірткіні қолданатын адам ғана нашақор болып саналуы мүмкін. Алайда, бұл препарат героиннің синтетикалық сипаты болып табылады және оны бірнеше рет қолдану есірткіге тәуелділікті тудырады», - деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Виталий Гудыменко. Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296 бабының 2-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, сараптама тағайындалды.