АҚШ-қа тікелей қатынайтын әуе рейстері қашан ашылады - Азаматтық авиация комитеті

АҚШ-қа тікелей қатынайтын әуе рейстері қашан ашылады - Азаматтық авиация комитеті

АҚШ-қа тікелей қатынайтын әуе рейстері қашан ашылады - Азаматтық авиация комитеті
ашық дереккөзі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева Елбасының тапсырмасы бойынша АҚШ-пен тікелей рейс ашу мәселесі пысықтала бастағанын айтты, - деп жазды ҚазАқпарат. "Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселесі сөзсіз өзекті. 2019 жылы АҚШ авиация билігімен келіссөздер жүргіздік. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан мен АҚШ арасында ашық аспан қағидаты бойынша әуе қатынасын орнату туралы келісімге қол қойдық. Біз дайындаған әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. 14 қыркүйекте заң жобасын қарау жөніндегі отырыстың бірінші жұмыс тобы өтті. Жоба мақұлданды. Қазан айының басында Мәжілістің басқа комитетінде кезекті жұмыс тобында қаралады. Жыл соңына қарай бұл келісімді ратификациялаймыз деп үміттенеміз", - С.Томпиева. Сонымен қатар, АҚШ-қа тікелей рейстер ашудың өз шарттары бар. Қазақстан федералды әуе көлігі басқармасында тексеруден өтуі керек. "Аудиттен рейстер орындалуға тиісті әуежай да, Қазақстан авиация әкімшілігінің өзі де өтеді. Сертификаттаудан әуе компаниясының өзі өтуі тиіс. Сол аудитке дайындық бойынша Қазақстанның авиация әкімшілігіне бағынышты ұйым құрылды. Әуе компаниясынан өтінім Қазақстанның авиация әкімшілігіне жолданғаннан кейін, тиісінше, аудитке дайындық басталады. Бүгінде Америка тарапымен келіссөздер басталды және консультациялық көмек жүргізілуде. Қазан айында кездесу жоспарланған, онда аудиттен өту мәселесі қаралады. Болашақта Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстер ашамыз деп үміттенемін. Бұл үшін алыс магистралды әуе кемесін сатып алу қажет. Бұған дейін аталған кемелерді 2023 жылы сатып алу жоспарланған болатын. Бірақ қазір пандемияға байланысты алыс магистралды әуе кемелерін сатып алу мерзімі тек қазақстандық тасымалдаушылар үшін ғана емес, бүкіл әлем бойынша 2025 жылға ауыстырылды. Ол мерзім қайта кері жылжытылуы да мүмкін. Жалпы жұмыс жалғасып жатыр", - деп жауап берді Салтанат Томпиева.