Үйінен шығып, қайтып оралмаған: 72 жастағы қария немересін іздейді

Үйінен шығып, қайтып оралмаған: 72 жастағы қария немересін іздейді

Үйінен шығып, қайтып оралмаған: 72 жастағы қария немересін іздейді
ашық дереккөзі
Ақмола облысында тоғыз күн бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы Бестөбе ауылының тұрғыны іздестіріліп жатыр. Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 27 қыркүйек күні Степногорск қаласындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне Бестөбе ауылының 72 жастағы тұрғыны келіп, 21 жастағы немересі Повид Константин Сергеевичтің жоғалып кеткені туралы өтініш жазған. «Константин 20 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Бестөбе ауылындағы үйінен шығып, қайтып келмеген. Қазіргі кезде жоғалған жігіттің қайда екенін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр», - деді ведомстводан. Полицейлердің айтуынша, жоғалған жігіттің бойы – 160 см, дене бітімі орташа, көзінің түсі – сұр-көк, шашы қысқа, ақ сары, іш жағында тыртық бар, «Р» әрпін нашар айтады. Оның үстінде көк түсті күздік күртеше, қызыл түсті футболка, қызыл түсті кофта, сұр түсті шалбар, ақ-қара жолақты бас киім және көк түсті аяқ киім болған. «Жоғалған жігіттің қайда екені туралы ақпарат білетін адамдардың 8 (7162) 72-32-98 нөміріне немесе 102 желісіне хабарласуын сұраймыз», - деп қосты полицейлер.