Коронавирус: Еліміздің 4 өңірі «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус: Еліміздің 4 өңірі «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус: Еліміздің 4 өңірі «жасыл» аймаққа өтті
ашық дереккөзі
2021 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.