Жаңалықтар

Президент Башқұртстан Республикасының басшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады, – деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.

Back to top button