Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің басты насихатшысы – өнер мен әдебиет өкілдері

ашық дереккөзі

Тәуелсіздіктің басты насихатшысы – өнер мен әдебиет өкілдері

«Nur Оtan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ондағы мақсат – қазіргі заманғы ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ әдебиетінің дамуын ынталандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, елдің дамуында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ғана емес, руханият мәселелері де ұдайы назарда болуы тиіс. Өйткені Тәуелсіздіктің басты құндылықтарын екшейтін, оның мәнін өскелең ұрпаққа жеткізетін – әдебиет пен өнер өкілдері. – Биыл – еліміз үшін айшықты жыл. Осы 30 жылда біз Қазақстанның Тұңғыш Пре­­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың басшылығымен мемлекеттілігіміздің ір­гесін бекітіп, шекарамызды шегендедік, іш­кі-сыртқы дамудағы басты бағыт­т­а­ры­мыз­ды айқындадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен саяси-экономикалық реформалар одан әрі жал­ғасып жатыр. «Nur Otan» партиясы үшін қаламгерлердің қара шаңырағы – Қа­зақ­стан Жазушылар одағының орны бө­лек, біз орталықта ғана емес, өңірлерде де зия­лы қауым өкілдерімен тығыз қарым-қа­тынаста жұмыс істейміз, – дейді Бауыр­жан Байбек. Сонымен қатар бас партия Төра­ға­сы­ның Бірінші орынбасары «Nur Otan» пар­тия­сының сайлауалды бағдарламасының аясында дайындалған Жол картасына да тоқ­талды. Елімізде 2025 жылға дейін 259 мә­дениет ошағы салынатынын, 1 241 мәдени нысан жөндеуден өткізіліп, 150 ны­санға ғылыми реставрация жұмыстары жүр­гізілетінін де тілге тиек етті. Шет ел­дер­де «Абай» орталықтарының саны ар­тып, партия тарапынан 1 500 мәдениет, өнер және ғылым қайраткерін жыл сайын­ғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ая­сын­да қолдап, қаражат бөлудің ашық­ты­ғын қамтамасыз етпек.

«Ұлы дала» шығармашылық байқауы жарияланды

Одан кейін Бауыржан Қыдырғалиұлы ел­дің әдебиеті мен руханиятын дамытуға арналған іс-шараның бірі «Ұлы дала» бай­қауы екенін атап өтті. Биыл Жазушылар одағымен бірлесе отырып Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап жас жазушылар мен ақындар арасындағы шығармашылық байқау жалғасын таппақ. Бұл байқау 2019 жылы өткізіліп, оған 700-ден астам шы­ғарма түскен болатын. Олардың ішінен 400 шығарма іріктеліп, 5 номинация бойын­ша республиканың түкпір-түкпі­рі­нен талантты 15 жас қаламгер жүлдегер атан­ды. Биылғы байқаудың мәні де, маз­мұны да ерекше. Байқаудың мақсаты – Тәуел­­сіздіктің алғашқы 30 жылында елі­міз­дің жеткен жетістіктерін, мемлекет ір­ге­сінің бекуіндегі Қазақстанның Тұңғыш Пре­­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың жасампаз рөлін айшықтау және қо­ғам­ды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Байқау «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценарийі», «Балаларға ар­­­налған шығарма» атты бес номинация бойынша өткізіліп, әрқайсысы бойынша 3 жүлделі орын анықталады. Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі ақындар, жазушылар, драматургтер мен сценаристер қатыса алады. Байқау 1 қазан – 30 қараша аралы­ғын­да өткізіліп, оның жеңімпаздары Тәуел­сіздік күні қарсаңында марапат­тала­ды. Байқаудың шарт­тары туралы бұқара­лық ақпарат құрал­дарында, партияның әлеу­меттік же­лілердегі аккаунттарында жа­рия­ланады. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қа­ласында өтеді. Сондай-ақ биылдан бастап Ulttyq Mura пар­тиялық жобасы бекітілді, барлық мә­дени-әдеби шаралар кешенді түрде атқары­ла­тын болмақ. Бұл туралы бас партия Төра­ғасының Бірінші орынбасары айтты. – Осы күнге дейін партия шығар­ма­шы­лық және өнер өкілдерін, жас ақын-жа­зу­шыларды, драматург-сценаристерді, публицистерді қолдауға арналған, айтыс, мү­шәйра, жыр-терме, шығармашылық бай­қаулар, фестиваль мен әдеби оқулар сияқ­ты 250-дей іс-шара өткізуді жоспарлаған бо­латын, олардың біразы жүзеге асып жа­тыр. Мысалы, жыл басынан бері 19 ай­тыс өткізілді. Он жылдан бері «Nur Otan» пар­тиясының жанынан құрылған респуб­ли­калық және аймақтық Miras кеңестері жұ­мыс істейді, – деді Бауыржан Байбек. Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы жа­ны­ндағы республикалық Miras қо­ғам­дық кеңесінің төрағасы, ақын Жанарбек Әшімжан «Nur Otan» партиясы мен Қазақ­стан Жазушылар одағы өзара ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға отыруы бола­шақ­та руханият пен мәдениет аясында ат­қарылатын жобаларға мұрындық бола­ты­нын айтады. Жанарбек ӘШІМЖАН,  Оңайгүл ТҰРЖАН, филология ғылымдарының кандидаты, ақын:

Әдеби байқаулардың насихаты кемшін

– «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жа­зушылар одағы арасындағы меморан­думы – өте маңызды құжат. Себебі ежелден бері көркем әдебиет – халықты ұйыстырып, тәр­биелейтін маңызды құрал. Кеңес заман­ның халыққа тигізген салқыны аз болмады. Дегенмен соның ішінде бір мәселе бар. Коммунистік партия көркем әдебиетті ең биік орынға қойды. Олар көркем әдебиет ар­қылы халықты ұйымдастыруға болаты­нын білді және барынша күш салды. Қала­мақы мөлшерін көбейтіп, жазушыларға жағ­дай жасады. Ол жанашырлықтың түпкі мақ­саты – 15 одақтас республиканы ұстап тұру. Сөйтіп бүкіл халықты кітап оқуға үн­деді. Кітап оқылды дегеніміз – ақын-жа­зу­шылардың танымалдығы артты деген сөз. Қаламгерлердің беделі арқылы ха­лықты жинап отырды. Халық рухани дамып, адамгершілік нығайып, жастар тәрбиеленді. Қоғамдағы қордаланған мәсе­лені көркем әдебиет арқылы шешіп отыр­ды. Кешегі өткен іс-шараның негізгі мақс­аты – көркем әдебиетті насихаттау, жас қа­­­ламгерлерді жігерлендіріп, халыққа та­ныту. Осы мақсат арқылы кейінгі ұрпақты қазақ әдебиетіндегі рухани байлыққа қол жеткізетін негізгі діңгектен айырмау, көр­кем әдебиеттің мүмкіндігін пайдалану. Өзімнің жеке ұсынысымды да айтқым келеді. Елімізде көркем әдебиет бойынша шы­ғармашылық байқаулар жиі жария­ланады. Десек те, оның насихаты халық арасында аз болып жатады. Халықты ақпараттандырып, құлағдар ету тек үлкен қалаларда ғана жүзеге асып жатыр. Ауыл-аудандағы жас қаламгерлер де қатысып бақ сынауы керек. Ол үшін әлеуметтік желі­лерге жариялап, аудиторияға тарату керек. Кейде өзім сабақ беретін студенттер де білмей, қалыс қалып жатады. Мұндай әде­би байқаулардың жарнамасының жақсы болуы – «Nur Otan» партиясының да, Қа­зақ­стан Жазушылар одағының да атқарып жат­қан жұмысының дәлелі. Кешегі ме­морандум мерзімі 2-3 жылдық емес, уақыт мерзімі шектеусіз. Сондықтан руханиятты дамытатын түрлі іс-шараға куә болаты­нымыз анық.