Тәуелсіздіктің басты насихатшысы – өнер мен әдебиет өкілдері

Тәуелсіздіктің басты насихатшысы – өнер мен әдебиет өкілдері

Тәуелсіздіктің басты насихатшысы – өнер мен әдебиет өкілдері
ашық дереккөзі

«Nur Оtan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ондағы мақсат – қазіргі заманғы ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ әдебиетінің дамуын ынталандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, елдің дамуында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ғана емес, руханият мәселелері де ұдайы назарда болуы тиіс. Өйткені Тәуелсіздіктің басты құндылықтарын екшейтін, оның мәнін өскелең ұрпаққа жеткізетін – әдебиет пен өнер өкілдері.

– Биыл – еліміз үшін айшықты жыл. Осы 30 жылда біз Қазақстанның Тұңғыш Пре­­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың басшылығымен мемлекеттілігіміздің ір­гесін бекітіп, шекарамызды шегендедік, іш­кі-сыртқы дамудағы басты бағыт­т­а­ры­мыз­ды айқындадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен саяси-экономикалық реформалар одан әрі жал­ғасып жатыр. «Nur Otan» партиясы үшін қаламгерлердің қара шаңырағы – Қа­зақ­стан Жазушылар одағының орны бө­лек, біз орталықта ғана емес, өңірлерде де зия­лы қауым өкілдерімен тығыз қарым-қа­тынаста жұмыс істейміз, – дейді Бауыр­жан Байбек. Сонымен қатар бас партия Төра­ға­сы­ның Бірінші орынбасары «Nur Otan» пар­тия­сының сайлауалды бағдарламасының аясында дайындалған Жол картасына да тоқ­талды. Елімізде 2025 жылға дейін 259 мә­дениет ошағы салынатынын, 1 241 мәдени нысан жөндеуден өткізіліп, 150 ны­санға ғылыми реставрация жұмыстары жүр­гізілетінін де тілге тиек етті. Шет ел­дер­де «Абай» орталықтарының саны ар­тып, партия тарапынан 1 500 мәдениет, өнер және ғылым қайраткерін жыл сайын­ғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ая­сын­да қолдап, қаражат бөлудің ашық­ты­ғын қамтамасыз етпек.

«Ұлы дала» шығармашылық байқауы жарияланды

Одан кейін Бауыржан Қыдырғалиұлы ел­дің әдебиеті мен руханиятын дамытуға арналған іс-шараның бірі «Ұлы дала» бай­қауы екенін атап өтті. Биыл Жазушылар одағымен бірлесе отырып Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап жас жазушылар мен ақындар арасындағы шығармашылық байқау жалғасын таппақ. Бұл байқау 2019 жылы өткізіліп, оған 700-ден астам шы­ғарма түскен болатын. Олардың ішінен 400 шығарма іріктеліп, 5 номинация бойын­ша республиканың түкпір-түкпі­рі­нен талантты 15 жас қаламгер жүлдегер атан­ды. Биылғы байқаудың мәні де, маз­мұны да ерекше. Байқаудың мақсаты – Тәуел­­сіздіктің алғашқы 30 жылында елі­міз­дің жеткен жетістіктерін, мемлекет ір­ге­сінің бекуіндегі Қазақстанның Тұңғыш Пре­­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың жасампаз рөлін айшықтау және қо­ғам­ды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Байқау «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценарийі», «Балаларға ар­­­налған шығарма» атты бес номинация бойынша өткізіліп, әрқайсысы бойынша 3 жүлделі орын анықталады. Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі ақындар, жазушылар, драматургтер мен сценаристер қатыса алады. Байқау 1 қазан – 30 қараша аралы­ғын­да өткізіліп, оның жеңімпаздары Тәуел­сіздік күні қарсаңында марапат­тала­ды. Байқаудың шарт­тары туралы бұқара­лық ақпарат құрал­дарында, партияның әлеу­меттік же­лілердегі аккаунттарында жа­рия­ланады. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қа­ласында өтеді. Сондай-ақ биылдан бастап Ulttyq Mura пар­тиялық жобасы бекітілді, барлық мә­дени-әдеби шаралар кешенді түрде атқары­ла­тын болмақ. Бұл туралы бас партия Төра­ғасының Бірінші орынбасары айтты. – Осы күнге дейін партия шығар­ма­шы­лық және өнер өкілдерін, жас ақын-жа­зу­шыларды, драматург-сценаристерді, публицистерді қолдауға арналған, айтыс, мү­шәйра, жыр-терме, шығармашылық бай­қаулар, фестиваль мен әдеби оқулар сияқ­ты 250-дей іс-шара өткізуді жоспарлаған бо­латын, олардың біразы жүзеге асып жа­тыр. Мысалы, жыл басынан бері 19 ай­тыс өткізілді. Он жылдан бері «Nur Otan» пар­тиясының жанынан құрылған респуб­ли­калық және аймақтық Miras кеңестері жұ­мыс істейді, – деді Бауыржан Байбек. Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы жа­ны­ндағы республикалық Miras қо­ғам­дық кеңесінің төрағасы, ақын Жанарбек Әшімжан «Nur Otan» партиясы мен Қазақ­стан Жазушылар одағы өзара ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға отыруы бола­шақ­та руханият пен мәдениет аясында ат­қарылатын жобаларға мұрындық бола­ты­нын айтады. Жанарбек ӘШІМЖАН,   width=Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі:

           Бұл – рухани жақындықтың лайықты жалғасы

– Іргелі екі ұйым арасындағы ме­моран­думға қол қою рәсімі – руханият пен әде­биет кеңістігіндегі үлкен оқиғалардың бірі. Себебі меморандум арқылы болашақта қа­зақ руханиятын көтеруге арналған бір­неше жоба жүзеге асатын болады. Жалпы, қай кезеңде болмасын мемлекеттің негізгі саясатын жүргізетін билеуші партиялар мен шығармашылық одақтардың арасында ұдайы байланыс болған. Ол кешегі Кеңес заманында да көрініс тапқан. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы тұсынан бастап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тікелей ш­ы­ғармашылық ортамен байланыс орнатты. Елімізде 11 шығармашылық одақ болса, со­ның ішінде Қазақстан Жазушылар ода­ғы­ның орны алабөтен еді. Қоғаммен бай­ланыс, әдеби-мәдени ұлттық құнды­лық­тарды дәріптеу мақсатында үлкен зиялы қауым­ның қоғамдағы әлеуметтік мәселе­лерге ашық пікір білдіре алды. Кешегі «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы меморандумға қол қою рәсімі де сол рухани жақындықтың лайық­ты жалғасы деуге болады. Кеше Бауыржан Байбек кеш тізгінін ұстап, модератор болып отырды. Беташар сө­зінде шығармашылық одақтың қоғам­дағы рөлін айрықша атап өтті. Еліміздің дамуына, мемлекет ұстанып отырған ру­хани мәдениет саясатына ықпал ететін бір­ден- бір ұйым. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сана­ны жаңғыртуға, ауқымды саяси реформа жүргізуге бағытталған бағдары үшін де ме­морандумның үлесі зор. Одан кейін Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жолдауына да ұлтты ұйыстыру, ұлт­тық бірегейлікті нығайту, мемлекеттік тіл­дің қолдану аясын кеңейту, елдің мәде­ни әлеуетін күшейту секілді жұмыстар ме­морандум тармақтарында қамтылды. Күні кеше «Ұлы дала» деген байқау жария­ланды. 40 жасқа дейінгі жас қаламгерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылатын шығармашылық байқау талай жанның бағын ашып, бағытын айқындайтын дода болмақ. Поэзия мен проза, драматургия, балалар әдебиеті, киносценарий жанрын қамтитын үлкен жоба. Бұл бәйге – партия тарапынан әдебиеттегі жас қаламгерлерге ірі қолдау. Бәрімізге белгілі, «Өзгерістер жо­лы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламада негізгі бөлімі де руханият пен мәдениетке бағытталған. Осыған дейін «Nur Otan» партиясы жанын­дағы республикалық Miras қоғам­дық кеңе­сінің екі жиыны өтті. Екі жақтың ме­мо­ран­думға отыруы кеңестің жұмысына жан бітірді. Алда әлі үш жиын бар. Сонымен қа­тар Ulttyq Mura партиялық жобасы бе­кітіліп жатыр. Аталған партиялық жобаны үйлестіруге де меморандумның ықпалы болатыны анық. Руханият пен мәдениет саласында болып жатқан тың өзгерістерді ұлт зиялылары мен көрнекті тұлғаларымыз, ірі қаламгерлеріміз зор ықыласпен қабыл­дады деп ойлаймын.

   width=Оңайгүл ТҰРЖАН, филология ғылымдарының кандидаты, ақын:

Әдеби байқаулардың насихаты кемшін

– «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жа­зушылар одағы арасындағы меморан­думы – өте маңызды құжат. Себебі ежелден бері көркем әдебиет – халықты ұйыстырып, тәр­биелейтін маңызды құрал. Кеңес заман­ның халыққа тигізген салқыны аз болмады. Дегенмен соның ішінде бір мәселе бар. Коммунистік партия көркем әдебиетті ең биік орынға қойды. Олар көркем әдебиет ар­қылы халықты ұйымдастыруға болаты­нын білді және барынша күш салды. Қала­мақы мөлшерін көбейтіп, жазушыларға жағ­дай жасады. Ол жанашырлықтың түпкі мақ­саты – 15 одақтас республиканы ұстап тұру. Сөйтіп бүкіл халықты кітап оқуға үн­деді. Кітап оқылды дегеніміз – ақын-жа­зу­шылардың танымалдығы артты деген сөз. Қаламгерлердің беделі арқылы ха­лықты жинап отырды. Халық рухани дамып, адамгершілік нығайып, жастар тәрбиеленді. Қоғамдағы қордаланған мәсе­лені көркем әдебиет арқылы шешіп отыр­ды. Кешегі өткен іс-шараның негізгі мақс­аты – көркем әдебиетті насихаттау, жас қа­­­ламгерлерді жігерлендіріп, халыққа та­ныту. Осы мақсат арқылы кейінгі ұрпақты қазақ әдебиетіндегі рухани байлыққа қол жеткізетін негізгі діңгектен айырмау, көр­кем әдебиеттің мүмкіндігін пайдалану. Өзімнің жеке ұсынысымды да айтқым келеді. Елімізде көркем әдебиет бойынша шы­ғармашылық байқаулар жиі жария­ланады. Десек те, оның насихаты халық арасында аз болып жатады. Халықты ақпараттандырып, құлағдар ету тек үлкен қалаларда ғана жүзеге асып жатыр. Ауыл-аудандағы жас қаламгерлер де қатысып бақ сынауы керек. Ол үшін әлеуметтік желі­лерге жариялап, аудиторияға тарату керек. Кейде өзім сабақ беретін студенттер де білмей, қалыс қалып жатады. Мұндай әде­би байқаулардың жарнамасының жақсы болуы – «Nur Otan» партиясының да, Қа­зақ­стан Жазушылар одағының да атқарып жат­қан жұмысының дәлелі. Кешегі ме­морандум мерзімі 2-3 жылдық емес, уақыт мерзімі шектеусіз. Сондықтан руханиятты дамытатын түрлі іс-шараға куә болаты­нымыз анық.