Дариға Бадықова күйеуімен бірге телесериалға түсті
Дариға Бадықова күйеуімен бірге телесериалға түсті
Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуімен бірге телехикаяға түсті. "Күйеу бала" атты сериал жақын күндері Ұлттық арнада көрерменге жол тартады, деп хабарлады Qazaqstan арнасы.
Бұл сериалда актриса Рабиға атты кейіпкерді сомдамақ.
"Отбасы, ошақ-қасы, күйбең тірліктің ішінде, күйеуін, бала-шағасын ойлайтын кейіпкер. Мен үшін ондай образды сомдау қызық болды. Өмірлік серігімді өзімнің күйеуім ойнайды. Ол бір қызық екен.
Актердің тілімен айтқанда, оқиғаны бағалау деген болады. Кей жағдайларда "үйде олай бермейді ғой" дейсің. Кинода басқаша. Күйеуім деп қабылдайды екенсің. Бастысы, көрерменнің көңілінен шықса деймін", – деді актриса.
Дариға Бадықова Ұлттық арна жобасында алғаш рет бой көрсетпек. Актрисаның айтуынша, бұл оңай емес. Оны шынайы етіп жеткізу үшін үлкен шеберлік, мол тәжірибе керек екенін айтады.
А.Шахмардан