Полиция департаменті ескертеді: Olx.kz сайтындағы алаяқтардан абайлаңыз

Полиция департаменті ескертеді: Olx.kz сайтындағы алаяқтардан абайлаңыз

Полиция департаменті ескертеді: Olx.kz сайтындағы алаяқтардан абайлаңыз
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтан қаласы Полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Талғат Бөлегенов Olx.kz онлайн қызметіндегі алаяқтық мәселесі туралы айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.  «Қазір алаяқтықтық тағы бір түрі пайда болған: «olx.kz сайтының жалған жеткізу қызметі». Алаяқтар сатушыларға хабарласып, өзін сатып алушы ретінде таныстырады да, olx.kz сайтының жеткізу қызметін ұсынады. Ол үшін сатушыға сілтеме жіберіп, ондағы үлгіге банк картасының реквизиттері мен ЖСН толтыруын сұрайды. Шын мәнінде, бұл сілтеме - фишинг, olx.kz сайтында жеткізу қызметі жоқ. Алаяқтар реквизиттерді көшіріп, картадан ақша ұрлайды», -  дейді Талғат Бөлегенов.